Жаңалықтар

Қызылорда облысында жантүршігерлік жол апатынан бес адам қаза болды

23 тамыз күні сағат 16:00 шамасында Қызылорда облысының Шиелі ауданы Алмалы ауылының тұсында Газель және Nexiа автокөліктері соқтығысып, салдарынан 5 адам қайтыс болып, 3 адам жарақат алды, деп хабарлайды newsroom.kz. ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайлары анықталып жатыр. Полиция қызметкерлері жолдардағы қауіпсіздік шаралары туралы ескертеді.