26 Мамыр елде және әлемде болған оқиғалар
26 Мамыр елде және әлемде болған оқиғалар
Грузия Республикасының Ұлттық мейрамы - Мемлекет тәуелсіздігінің қалпына келтірілген күні. Грузия Еуропа құрлығының оңтүстік-шығысында, Кавказ тауының оңтүстік бөлігінде орналасқан. Солтүстігінде Ресеймен, шығысында Әзербайжанмен, оңтүстігінде Түркиямен, Армениямен шектеседі. Астанасы - Тбилиси қаласы. Ресми тілі - грузин тілі.
Ресей кәсіпкерлерінің күні. Ресей Федерациясы Президентінің 2007 жылғы 18 қазандағы Жарлығымен бекітілген.
Австралияда «Өкіну» білдіру күні. Австралиялық аборигендердің балаларын тартып алу саясатының терістігіне байланысты 1988 жылдан бері аталып өтіледі. Ел үкіметі бұл саясатты 1869-1969 аралығында жүргізді.
Алтайда ілбісті қорғау күні. Бұл дата алғаш рет 2010 жылы РФ Алтай өлкесінің Кос-Ағаш ауданында өтті. Мерекенің мақсаты - адамдарға жер бетінде ілбістің азайып бара жатқандығын айтып, назар аударту.
215 жыл бұрын (1805) Қарабах билеушісі Ыбырайым хан салтанатты жағдайда Ресейге адал қызмет ету антын берді.
102 жыл бұрын (1918) Закавказье федерациясы үш тәуелсіз республика: Грузия, Армения және Әзербайжанға бөлінді.
73 жыл бұрын (1947) КСРО-да өлім жазасы алынып тасталды (1950 жылы өлім жазасын тағайындау қалпына келтірілді).
20 жыл бұрын (2000) Шымкентегі Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ғимараты алдына Мұхтар Әуезовтың ескерткіші орнатылды.
15 жыл бұрын (2005) Елордада Түркия Премьер-министрі Режеп Ердоғанның ресми сапары барысында Түрік Республикасы Елшілігінің жаңа ғимараты құрылысының іргетасын қалау рәсімі болып өтті.