Жаңалықтар

Астанада биыл 26 650 бала бірінші сыныпқа барады

Астанада биыл 26 650 бала бірінші сыныпқа барады

Қазіргі уақытта Астана мектептеріндегі оқушылардың жалпы саны – 255 мың. Қалалық білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев елорданың коммуникациялар қызметінде өткен брифингте сыныптарды толықтыру туралы айтып берді, деп newsroom.kz хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. Елорданың жалпы білім беретін мектептеріндегі бірінші сыныптарға құжаттарды қабылдау осы жылдың 1 сәуірінде басталды. Білім беру мекемелері 26 650 бірінші сынып оқушысын қабылдады: 15 929 қазақ тілінде, 10 571 орыс тілінде. «Дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерден бөлек барлық мектептер бірінші сыныпқа қабылдау емтиханынсыз қабылданады. Электрондық үкіметтің www.egov.kz веб-порталы арқылы құжаттарды қабылдау аяқталды, қазіргі уақытта ата-аналар қағаз түрінде өтініш береді. Әр мектепте ата-аналарға көмек көрсету үшін қабылдау комиссиясы жұмыс істейді», – деді Қасымхан Сенғазыев. Елордада жаңа оқу жылына 10, 11 (12) сыныптарға білім алушыларды қабылдау 15 тамызда аяқталды.