Спорт күні: Астанада бұқаралық велошеру өтті
Астанада спорт күніне орай алғаш рет спорт саласының қызметкерлері арасында бұқаралық велошеру өтті, деп newsroom.kz хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.25 шақырымдық қашықтықты еңсеруге келген спорт қызметкерлері таңғы жетіден бастап, елорданың іргесіндегі биыл қала статусын алған Қосшы елді мекенінің айналма веложолына жиналды. Спорт қызметкерлерімен бірге Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Бекмұрзаев, Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Бекболат Байжанов, таэквондодан Олимпиаданың тұңғыш жүлдесін алған Арман Чилманов және қалалық спорт басқармасына қарасты мекеме басшылары, спорт ардагерлері «Үркер» елді мекенінің «Жасыл белдеу» саябағына дейін жалғасқан қашықтықты еңсерді.Велошерудің ашылу салтанатына Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің мүшесі, «Астана Орманы» ЖШС даму жөніндегі басқарушы директоры Юсуп Келигов және қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев, басқа да спорт майталмандары мен спорт ошақтарының басшылары қатысты.Алғашқы құттықтау сөз Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің мүшесі, «Астана Орманы» ЖШС даму жөніндегі басқарушы директоры Юсуп Келигов берілді. Ол өз сөзінде:«Әріптестер, сіздерді Астананың көрікті жерлерінің бірі - «Жасыл белдеуде» көргеніме қуаныштымын.Қаламызда жиі өткізілетін бұқаралық велошеру бүгінде жақсы дәстүрге айналып, жиі өткізіліп тұрады. Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен ҚР Мәдениет және спорт министрлігімен қалалық спорт басқармасының ұйымдастыруымен өткен мерекелік шараға 300-ден аса спорт қызметкері жарыс жолына шықты. Бұндай спорттық шаралар бұқаралық спорттың дамуына үлкен үлесін қосады. Бүгін сіздер тек велосипед айдап қана қоймай, «Жасыл белдеуіміздің» керемет әсерін сезіндіңіздер деп, ойлаймын. Сіздердің қызметтеріңіздің арқасында еліміздің көк туы өзге елдерде желбіреп жатыр.Істеріңізге табыс тілеймін!» – деді.Іс-шара барысында Самат Жылқыбаев ҚР Мәдениет және Спорт министрі Асхат Ораловтың, қала әкімінің орынбасары Есет Байкеннің алғыс хатын, «Үздік спорт қызметкері», «Спортты дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісін спорт саласында қажырлы еңбек еткен жандарға табыстады.Сондай-ақ, басқарма басшысы биыл маусым айында Грузияның Батуми қаласында шахматтан өткен әлем чемпионатында топ жарып, 12 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпионы атанған Алтынбек Айаруды жеңісімен құттықтады. Көк туымызды желбіретіп, әнұранымызды шырқатқан жерлесімізге құрмет көрсетіліп, басқарма тарапынан велосипед сыйға берілді.Мерекенің соңында қатысушылар арасында лоторея ойнатылып, арнайы сыйлықтар табысталып, тегін палау, шай беріледі.