Жамбылда төтенше жағдай неге жарияланды?
Жамбылда төтенше жағдай неге жарияланды?
Премьер-министрдің қаулысымен Байзақ, Жамбыл, Қордай, Меркі, Рысқұлов пен Талас аудандарында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды newsroom.kz.
Қалыптасқан жағдайға байланысты, Қазақстан Үкіметі аптап ыстық пен судың жетіспеушілігінен өнімдері қурап қалған шаруалардың шығынын өтеу үшін төтенше жағдайларға арналған үкімет резервінен қаражат бөлмек. Бұған дейін ел аймақтарындағы шаруалар төтенше жағдай жариялау керектігі туралы бірнеше рет үндеу жасаған болатын. Бірақ ол кезде үкімет мұндай қажеттіліктің жоқтығын айтты. Ал қуаңшылық салдарынан биыл өнімнің 25-30 пайызы қурап қалған.
“Тиісті үкім қабылданды. Енді республикалық бюджеттен қаржы келіп біздіңауыл шаруашылығы басқармасының есепшотына түсу керек. Содан кейін біз құжаттарыдайын болған шаруаларға жеке-жеке әрқайсысының есепшотына төлеу жұмыстарын бастаймыз. Естімеген шаруалар болса басқа құжаттарын тапсырып үлгермеген шаруалар болса, біз оның бәрін қабылдаймыз. 15 қыркүйекке дейін талдау жұмыстарын жалғастырамыз”, - деді Жамбыл облысы әкімініңорынбасары Қанатбек Мәдібеков.Ал 10 тамызда қырғыз тарапы Киров су қоймасынан Қазақстан аумағына су жіберуді тоқтатты. Жағдай содан кейін ушыға түсті. Олар Киров су қоймасындағы судың азаюы салдарынан мұндай қадамға баруға мәжбүр болғандарын жеткізді. Өйткені "Қазақстанға су жіберетін болса, көлдегі балықтар қырылып қалады",- деді қырғыздар. 22 тамыздағы жағдай бойынша, Киров су қоймасының көлемі 14,5 млн текше метр, бұл былтырмен салыстырғанда 92,1 млн текше метрге көп. Айта кетерлігі, екі ел арасындағы суды бөлісіп пайдалану туралы келісім кеңес үкіметі кезеңінен бері жаңартылмаған.