Жаңалықтар

Түркістан облысында биыл 20 мектеп күрделі жөндеуден өтеді

Түркістан облысында биыл 20 мектеп күрделі жөндеуден өтеді

Түркістан облысында биыл 20 мектепті күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған. Оның ішінде, Сарыағаш ауданында 7 білім нысанына жөндеу жұмыстары жүргізілуі қажет. Аудандағы 4 білім мекемесі «Ауыл Ел бесігі» бағдарламасы аясында іске асырылса, қалған 3 мектепке облыстық бюджеттен қаржы қарастырылған. Жуырда бір мектеп пайдалануға берілді. Тағы біреуінің жұмыстары 2024 жылға өтпелі. Ал, қалған 5 мектеп қазіргі таңда жөндеуден өтуде.

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев Сарыағаш ауданында болып, аталған мектептерді аралады, деп хабарлайды newsroom.kz.

<div class=
Жалпы Түркістан облысында 1275 білім беру мекемесі бар. Оның 98-і Сарыағаш ауданында орналасқан болса, 78-і мектеп. Ауданда 58 мыңнан астам оқушы білім алады. 1000 мектеп бағдарламасы аясында 3 мектептің құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп, жыл соңына дейін қолданысқа беру жоспарлануда. «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы бойынша 2023-2025 жылдары аралығында 10 мектеп салынады.
Облыс әкімінің орынбасары Сарыағаш ауданы көлемінде бастауыш сыныптағы 30 мың бала қыркүйектен бастап ыстық тамақпен қамтылатынын атап өтті. Тиісті деңгейде ұйымдастыру үшін салаға жауаптылар мектеп асханаларының материалдық-техникалық базасын түгелдеп шығатын болатынын мәлімдеді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі