Жаңалықтар

Қуат Хамитовтың келесі қарсыласы белгілі болды

Жекпе-жек қашан және қайда өтетіні әзірге белгісіз. Қазақстандық ММА шебері Қуат Хамитов (24-8-1) танымал ресейлік файтер Александр Шлеменкомен (62-15-1) кездеседі, деп newsroom.kz хабарлайды Inbusiness.kz. сайтына сілтеме жасап.

"Ресми! Александр Шлеменко vs Қуат Хамитов. Бүгін, 20 тамызда Ресей ММА аңызы Александр Шлеменкомен айқас өткізу туралы Top Fight лигасының басшысы Марат Сидикеевпен келісімшарт жасалды. Турнир қашан, қайда өтетінін кейінірек білесіздер", деп жазды Қуат Хамитов Instagram парақшасында. 

Айта кетейік, Қуат Хамитов өзінің кейінгі жекпе-жегін мамырда өткізді: ол Алматыдағы Hardcore MMA лигасының турнирінде өнер көрсетіп, төрешілердің бірауыз шешімімен ресейлік Залимхан Юсуповтан (19-15) басым түсті. Александр Шлеменко кейінгі рет торға шілдеде кіріп, бірінші раундта бразилиялық Алекс Оливейраны (25-15-1) сабмишнмен жеңді.