Жаңалықтар

БҚО-да 1 млрд теңгенің темекі мен алкоголь өнімдерін заңсыз сатпақ болған

БҚО-да 1 млрд теңгенің темекі мен алкоголь өнімдерін заңсыз сатпақ болған

Батыс Қазақстан облысының төрт тұрғыны заңсыз темекі мен алкоголь өнімдерін сатпақ болған, деп хабарлайды newsroom.kz.

Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, бір топ тұлғалардан жалпы сомасы 967,5 млн теңгеден асатын 1,6 млн қораптан астам темекі өнімдерінің ірі партиясы, сондай-ақ заңсыз есепке алу-бақылау таңбалары бар алкоголь өнімдері тәркіленді.

Заңсыз темекі бұйымдарын тасымалдау Қырғыз Республикасынан жүзеге асырылып, Орал қаласында сақталып, сатылған.

Сот үш айыпталушыны бір жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесті, тағы бір айыпталушы 1000 АЕК көлемінде айыппұл төлейді.

«Сот үкіміне сәйкес, тәркіленген барлық темекі мен алкоголь өнімдері жойылуға жатады»,-делінген хабарламада.