Жаңалықтар

"8 рет отказ жасадым": "Қалаулымдық Камила күйеуінің өзін қалай қаратып алғанын айтты

"8 рет отказ жасадым": "Қалаулымдық Камила күйеуінің өзін қалай қаратып алғанын айтты

Қалаулымдық Камила жолдасымен қалай танысты? Оларды қосқан Қалаулым ба? Бастапқыда мүлде бір-бірін ұнатпаған қыз бен жігіт қалайша отбасыy құрды? Бұл туралы Мағжан мен Кмиланың өздері айтып берді.

Екі жас "Ойбай шоу" бағдарламасына сұхбат берді. Камила "Қалаулым" бағдарламасынан кетсе де, оқырмандары одан алыстап кеткен жоқ. Керісінше күннен күнге көбею үстінде. Себебі желіде белсенді. Сол арқылы табыс табады. Өзі ғана емес, жолдасы Мағжанның да желіде өз оқырманы бар. 800 оқырманы бар кезде оған Камила жарнама жасап берген. Олардың таныстықтары осылай басталған екен. "Бізді қосқан "Қалаулым" емес. Көбісі бізді бағдарлама арқылы танысып, отбасын құрды деп ойлайды. Бірақ Қалаулымның қандайда бір үлесі бар. Себебі бізді Бауыржан досым қосты. Бутя Мағжанның досы екен. Мағжан Алматыда балмұздақтың дүкенін ашқысы келген. Бауыржан ол үшін жарнама жасауға ұсыныс айтты. Мен ол кезде бас тарттым. Бір күні Бутя әбалмұздақ дүкенін мен ашып жатырмын, жарнама жасап бершіә деді. Бутя үшін келістім. Сол кезде Мағжанмен таныстырды. Желіде жарнма кезінде Мағжан мені де белгілеп кете салыңызшы деп 8 рет айтты. 8 рет бас тарттым. Себебі тегін жарнама жасап тұрмын. Ол ренжімеді. Мағжан көппен жұмыс істеп үйренген. Бас тартсаң ренжіп, көрместей болып кетпейді. Дегеніне жетпей қоймайды. "Подход" жасай алады", - деді Камила. "Аздап шок алдым": Қалаулымдық Камила Шымкентке келін болып түсті  Мағжан Камилаға іскерлік ұсыныс жасаған. Осылайша жақсы араласып кеткенге ұқсайды. "Мен  Камиладан жоспарларын сұрадым. Ол өзінің киім дүкенін ашқысы келеді екен. Алайда жалға орын таппай жүрген екен. Мен таныстарым арқылы оған үш есе арзан бағада орын тауып бердім. Ол 300 мыңға жалға алуға орын таппай жүргенде, мен 85 мыңға тауып бердім. Әрі менің дүкенімнен күнделікті тегін балмұздақ жей аласың дедім", - деді Мағжан. Осылайша қызмет бабымен күнделікті кездесіп, ақыры қыз-жігіт болып жүре бастапты. Ақырында шымкенттік Мағжан шымкенттік әдіске көшіп, Камиланы алып қашып, той жасады. Бүгінде ортақ бір балалары бар. "Қазір Мағжан да желіде жақсы жұмыс істейді. Өзінің кәсібі бар. Бізде басты табыс - күйеуімнің ақшасы. Мен қанша көп ақша тапқаныммен ер адамның ақшасы құндырақ болады. Ертең желі жабылып қалған күннің өзінде мен одан қорықпаймын", - дейді қалаулымдық ару. "Менің негізгі табысым - кәсібім. Қазақстан бойынша 11 нүктем бар. Жақында әкеме 27 млн теңгеге су жаңа көлік әпердім. Желі арқылы да ақша таппаймын деп айта алмаймын. Желіден де табыс табамыз. Қазір білімді де сатуға болады. Тегін ешнәрсе жоқ. Ұтыс ойнататындар да ақша табады. Біз де ойнатамыз, біз де ол үшін ақша аламыз. Оның жасырудың керегі жоқ", - деді жас кәсіпкер. Ақпарат: Stan.kz порталынан