Жаңалықтар

«Fly Arystan» әуе паркі А320 ұшағымен толықты

ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті отандық әуе компанияларымен бірлесіп әуе кемелер паркін ұлғайту және тасымалдау сыйымдылығын ұлғайту бойынша жұмысты жалғастырып келеді.

Осылайша «Fly Arystan» жақында сыйымдылығы 180 орындық «А320СЕО» әуе кемесін алып, әуе паркін 16 ұшаққа дейін жеткізді, деп хабарлайды newsroom.kz.  width= Ал 2023 жылдың соңына дейін ұшақ санын 19-ға дейін жеткізу жоспарланған. Әуе кемесін пайдалануға беру әуе компанияның тасымалдау сыйымдылығын арттырады, әуе билеттер кестесі мен ұсыныстарың уақытылы орындалуына оң әсер етеді.  width= Әуе кемелерінің паркін ұлғайту, тасымалдау сыйымдылығын ұлғайту және рейстердің кешігу санын азайту жөніндегі жұмыс жалғасуда және Азаматтық авиация комитетінің тұрақты бақылауында болады.     ҚР ИИДМ баспасөз қызметі