Жаңалықтар

Көк Жайлау шатқалында жоғалған туристі бірнеше сағаттан кейін құтқарушылар аман тапты

Көк Жайлау шатқалында жоғалған туристі бірнеше сағаттан кейін құтқарушылар аман тапты

Көк Жайлау шатқалында 18 жастағы туристі құтқару жасағы аман тауып, жақындарына табыстады, деп newsroom.kz хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап. ТЖМ мәліметінше, 13 тамызда  түнгі сағат 1.15-те ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы туристі іздеуге тауға шыққан. 2005 жылы туған жас жігіт 12 тамызда таңертең Көк Жайлау шатқалына кетіп, оның телефоны байланыс аясынан тыс жерде болған. Құтқарушылар тауда жоғалған адамды түнгі сағат үште тапқаны белгілі болды. Қатты жауған жаңбыр мен қараңғы түсуіне байланысты турист шатқалдан өздігінен түсе алмай қалғанын атаған. Сағат 5.20-да құтқарушылар жасөспірімді туыстарына жеткізді. ТЖМ құтқарушылары осы ретте тауға шықпас бұрын бағытты, ауа-райын қарауды ұсынады. Сонымен бірге, туыстарына немесе таныстарына бағыт туралы және қалаға оралу уақытын айтуы тиіс.