«Ештеңе етпес сүрініп, құлағаны»: түрмеден шыққан Төреғалидің жазбасы желіде қызу талқыға түсті (видео)
«Ештеңе етпес сүрініп, құлағаны»: түрмеден шыққан Төреғалидің жазбасы желіде қызу талқыға түсті (видео)
Алматыда есірткіге мас күйде көлік жүргізіп, полицияға ұсталған Төреғали Төреәлі бостандыққа шыққаннан кейін жазба жариялады. Әншінің оқырмандары оның жазбасын қызу талқыға салды, деп newsroom.kz жазады KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.
«Ер жігіттің жарамас жылағаны, Ештеңе етпес сүрініп, құлағаны. Орнында бар оңалар, бәрін қойшы. Праваны айтсайшы, праваны», — деп жазды Төреғали Instagram парақшасында. Ал желі қолданушылары әншінің бұл жазбасына түрлі пікір қалдырды. «Жүргізуші куәлігін қоя берші. Ата-анаңның ауырған жүрегі мен абыройды айтсаңшы», «Сен өзің іздеп таптың ғой», «Кінәні өзіңнен іздеу керек», «Үкімді тек Алла шығарады», «Өлеңің дайын тұрады екен», «Тыныш жүрсең, таудай бәледен құтыласың», — деп жазды желідегілер.
Еске сала кетсек, 14 маусымда әлеуметтік желілерде Алматыда жол бойында полиция қызметкерлерінің Lexus көлігінің жүргізушісін ұстаған сәтінен видео тараған еді. Куәгерлер ұсталған азаматтың танымал әнші Төреғали Төреәлі екенін байқаған. Кейін Алматы қаласының полиция департаменті желіде тараған видеоға қатысты пікір білдіріп, полиция қызметкерлері Майлин көшесінің бойында А. есімді азаматтың басқаруындағы Lexus автокөлігін тоқтатқанын хабарлады.
Полицияның мәліметінше, жүргізушінің мінез-құлқы өрескел болып көрінген. Яғни, ол агрессивтілік танытып, полицияның заңды талаптарына бағынбай, тұрақта тұрған Chevrolet көлігіне зақым келтірген.
Сондай-ақ ұсталған орнынан қашып кетпек болған. Полицейлер құқық бұзушының жолын бөгеп, оны ұстап, медициналық тексеруге алып барған. Сараптама қорытындысы бойынша оның есірткіге мас күйде екендігі анықталған
. Бұл жайттан кейін Төреғали Төреәлі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылып, 20 тәулікке қамауға алынды. Кейін әншінің қамау мерзіміне тағы үш күн қосылды.
Ал 3 шілдеде өнер иесі ӘҚБтК-нің тағы екі бабы бойынша кінәлі деп танылып, қамаудағы мерзімі тағы 15 тәулікке созылғаны белгілі болды.
kaz.nur.kz