Қытай қазағы қардан киіз үй қалап, желіні тәнті етті (видео)

21 Ақпан, 2020 1153 0

Желіде қардан жасалған киіз үйдің видеосы талқыланып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz .

Видеоны Facebook желісінде Алмахан Мұқаметқалиқызы есімді қолданушы жариялаған. Роликті түсірген автор киіз үйлердің Алтай аймағы, Буыршын ауданы Шұңқыр ауылында орналасқанын айтады. Бұл - Қытайдағы Шыңжаң автономиясына кіретін елді мекен. Соған қарағанда қардан киіз үйді Қытайдағы қазақтар жасаған.

Роликтің басында автор киіз үйлердің қырау мерекесіне арнап жасалғанын айтады. Кадрдан бір-біріне жақындау орналасқан екі киіз үйді көруге болады. Біреуінің алдында қардан тышқанның бейнесі салынған. Автор бұл жайында "Тышқан жылындағы қардан жасалған" деп түсіндіреді.

Автор киіз үйдің ішін де көрсетеді. Оның ішінде қабырғаны жағалап орындық жасалған. Ортада қардан жасалған дастархан тұр. Киіз үйдің негізгі элементтері - шаңырақ, уық, кереге де бейнеленген.

"Керемет жақсы, қазақи жасалған. Қардан жасаған қазақ үйінің ішінде алма жеген күн болды бұл", - дейді киіз үйдің ішінде отырған қонақтардың бірі.

Видео авторы киіз үйді бір айға жуық жасағанын айтады.

Тегтер: қар, киізүй, қазақ, шаңырақ, қабырға, қыс

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.