Жаңалықтар

Түркістан облысында 3 жылда 100-ге жуық мектеп салынады

Түркістан облысында 3 жылда 100-ге жуық мектеп салынады

  Түркістан облысында білім саласына қатысты бірнеше өзекті мәселе шешіліп жатыр. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен, өңірдегі білім саласына баса көңіл бөлінген. Облыста 5 жылда жаңа 86 мектеп салынды. Өткен жылы 34 мектептің құрылысы аяқталды (бюджет – 21, жеке инвестиция – 13). 35 мың оқушы орынға тапшылық бар. Аталған мәселені шешу мақсатында қазір 33 мектеп салынып жатыр. Оның ішінде, «Білім инфрақұрылымын қолдау қоры» арқылы биыл 9 мектептің құрылысы жүруде, деп хабарлайды newsroom.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  width= Жаңа оқу жылында Түркістан облысында 6 мемлекеттік 7 жекеменшік мектеп пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Жыл соңына дейін 20-дан астам жекеменшік білім ұялары ашылады. Бұдан бөлек, Президент тапсырмасымен жүзеге асып жатқан «Жайлы мектеп» пилоттық жобасымен 3 жылда 63 мектеп салынады. Облыста білім беру саласында 2511 ұйым қызмет көрсетеді. 1 372 мектепке дейінгі ұйымда 155 мың бала тәрбиеленуде. 2-6 жастағы балаларды балабақшамен қамту 98%-ды құрайды. Облыста жалпы 1000 мектепте (мемлекеттік – 907, жеке – 93) 515 мың оқушы білім алады.  width= Өңірдегі 894 мемлекеттік мектептің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен тиісті қаржы бөлінді. Осы арқылы бейнебақылау, турникет, қоршау, дабыл түймесі орнатылады. Арнайы күзет қызметімен қамтылады. Сондай-ақ Түркістан облысында 1-4 сыныптағы оқушыларды тегін тамақпен қамтамасыз ету мәселесі толық шешілді. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі