"Нағыз суретші": Мейрамбек Бесбаев сурет салып, көпшілікті таңғалдырды

"Нағыз суретші": Мейрамбек Бесбаев сурет салып, көпшілікті таңғалдырды

ашық дереккөзі

Мейрамбек Бесбаев жаңа қырынан танылды. Сегіз қырлы бір сырлы өнер иесі сурет салып, көпшілікті таңғалдырды. Желідегі оқырмандары да, өнердегі дос-әріптестері де таңғалғанын жасырмады.

Әнші сурет салып, онысын желіге жүктеді. "Бүгін Мәкең суретші", - деп күлді өзі. "Осындай да өнерің бар ма еді", - деп таңғалды Рахман Омар. Сәкен Майғазиев, Қанат Әлжаппар "жақсы" деген ойын айтты. Мейрамбек Бесбаев жай ғана қара қарындашпен жылқының, құстың суретін салған. "Суретшілік өнеріңіз де бар ма еді?", "Талантты адам, барлық жағынан талантты демеуші ме еді", "Мейрамбекті алла сан қырлы етіп жаратқан. Соның қадірін білсе болғаны", "Оны талғамы биік, ол әнші, ол өнерлі", "Құрдас, жанып тұрған суретшісің ғой", "Нағыз суретші, шынымен жақсы салады екенсіз", - деп жазды желідегілер. Ақпарат: Stan.kz порталынан

Жүктелуде...