TikTok қазақстандықтарды Дүниежүзілік кітапқұмарлар күнін атап өтуге шақырады
TikTok қазақстандықтарды Дүниежүзілік кітапқұмарлар күнін атап өтуге шақырады
- 9 тамызда өтетін Дүниежүзілік кітапқұмарлар күні қарсаңында TikTok Қазақстандағы пайдаланушыларды мерекеге қосылуға және #кiтапток хэштегі бойынша әдебиет тақырыбындағы креативті бейнероликтермен бөлісуге шақырады.
- Виртуалды мереке #кiтапток бастамасының жалғасы болды, оның аясында кітаптар туралы бейнероликтер TikTok-та 56 миллионнан астам қаралым жинады. Жобаның мақсаты – қазақстандықтарды оқуға ынталандыру, өздері үшін және басқалар үшін жаңа әдебиеттерді ашу және кітап сүйер қауымды шығармашылық онлайн-қоғамдастық форматында біріктіру.
Ең үлкен виртуалды кітап клубы #кітапток 56 миллионнан астам қаралым жинады. Жобаның ауқымды қамтылуы қазақстандықтардың оқуға деген қызығушылығының артып келе жатқанын көрсетеді. Науқанды еліміздің түкпір-түкпірінен қолданушылар, сондай-ақ танымал TikTok креаторлары және Қазақстанның әртүрлі аймақтарынан өздерін шығармашылық жағынан ашқан 18 кітапхана қолдады: олар сирек кездесетін кітаптарға шолу жасап, виртуалды экскурсиялармен, тіпті ASMR кітаптарымен бөлісті.
TikTok-та пайдаланушылар сүйікті жанрдағы кітаптар туралы контентті көреді: мысалы, #поэзияқазақша хэштегі 143 миллион қаралым жинады, #современнаялитература хэштегі – 23 миллион қаралым, #классическаялитература – 40 миллион қаралым жинады. TikTok-та кітаптар туралы контент жасайтын қазақстандық авторлар белсенді дамып келеді: мысалы, @karinaloveslit, @booklibra және @aidanabooks – тың бейнелерін көргеннен кейін жаңа кітапты оқуға шабыт алмау мүмкін емес.
Қазақстандағы #кiтапток жобасы бүкіл әлем бойынша әдебиет сүйер қауымды біріктірген #BookTok жаһандық мәдени феноменінен шабыт алды. Осы хэштегтің астындағы бейнелер TikTok – та 164 миллиардтан астам қаралым жинады. Роликтерде әртүрлі елдердің пайдаланушылары оқылған кітаптар туралы өз ұсыныстарымен және әсерлерімен бөліседі. #BookTok кітап индустриясына да әсерін тигізуде: бұл жазушыларға танымал болуға және кітаптарға бестселлер тізіміне енуге мүмкіндік береді. Адамдар TikTok шолуларына негізделген кітаптарды көбірек таңдайды.
TikTok туралы TikTok – бұл қысқа бейнелерді жасауға арналған жетекші қосымша. Біздің міндетіміз – адамдарды шығармашылыққа шабыттандырып, оларға қуаныш сыйлау.