Жаңалықтар

БҚО-да Ресейге заңсыз өтпек болған шетелдіктер ұсталды

Қазақстандық шекарашылар Ресей аумағына заңсыз өтпек болған шетелдіктерді ұстады, деп newsroom.kz хабарлайды El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

ҰҚК мәліметінше, 4 тамызда БҚО-да белгіленген өткізу пункттерінен тыс жерден Ресей аумағына қарай Мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтуге әрекет жасаған бес шетел азаматы ұсталды.  

Аталған адамдар Қазақстан Республикасына әуе жолымен турист ретінде келген. Алдын ала мәлімет бойынша олар жақсы өмір сүру жағдайын іздеп Еуроодақ елдеріне жол тартқан, - делінген мәліметте.

Ұсталғандар Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық сотының қаулысымен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, ел аумағынан шығарылды.