Жаңалықтар

Қосшы қаласының көшелеріне танымал тұлғалардың аты беріледі

Ақмола облысы әкімдігі мен облыстық мәслихаттың бірлескен қаулысы мен шешімі "Ашық НҚА" порталында жарияланды. Қосшы қаласының көшелеріне танымал тұлғалардың есімі беріледі, деп newsroom.kz жазады inbusiness.kz. сайтына сілтеме жасап.

"Бүгінгі таңда Қосшы қаласында 19, 20 шағын аудан және 016 кварталда атауы жоқ 30 көше бар. Бұл көшелерде тұрғын үй құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Бұл қаламыздың тұрғындарына "жедел жәрдем", "өрт сөндіру қызметі", сондай-ақ такси қызметтерін алуда қиындық туғызады", - делінген құжатқа қосымша берілген түсіндірме жазбада.
20 шағын аудан бойынша:19 шағын аудан бойынша:Қаулы жобасын көпшілік талқылау 

22 тамызға дейін жалғасады. Еске салайық, 2021 жылғы 26 шілдеде Президент Жарлығына сәйкес Қосшы ауылы облыстық маңызы бар қала санатына жатқызылған болатын.