Жаңалықтар

Еліміздің 14 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Еліміздің 14 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазгидромет 9 тамызда еліміздің 14 облысында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп newsroom.kz хабарлайды El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.  Жетісу облысының оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында найзағай ойнап, күн күркірейді деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, Алакөл ауданында найзағай кезіндегі екпіні 18-23 м/с болады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда найзағай ойнайды деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні - 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. Алматы облысының солтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз Ұлытау облысының басым бөлігінде найзағай ойнап, облыстың солтүстігінде бұршақ жауады деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің күндіз облыстың орталығындағы екпіні 15-20 м/с болады деп болжанады. Жезқазғанда күндіз найзағай ойнауы мүмкін. Таңертең Маңғыстау облысының батысында тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде аптап ыстық болады деп болжанады: +38...+40℃. Төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда таңертең тұман түсуі мүмкін. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағанды облысының орталығында, оңтүстігінде, күндіз солтүстігі мен орталығында найзағай жарқылдап, бұршақ түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні 15-20 м/с құрайды. Төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың таулы аудандарында оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, батысында, шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістанда төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында аптап ыстық болады деп болжанады: +37℃. Облыстың басым бөлігінде өрт қаупі жоғары. Күндіз Абай облысының оңтүстік бөлігінде аракідік қатты жаңбыр жауады деп күтіледі. Облыстың оңтүстік бөлігінде найзағай ойнап, күндіз бұршақ түседі, дауыл  соғады деп болжанады. Батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні - 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз Шығыс Қазақстан облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында аракідік қатты жаңбыр жауады деп күтіледі. Түнде облыстың шығысында, оңтүстігінде, күндіз шығысында, оңтүстігінде, облыстың орталығында найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп болжанады. Күндіз оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні - 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. Өскеменде төтенше өрт қаупі сақталады. Таңертең және түстен кейін Ақмола облысының батысында қатты жаңбыр жауады, облыстың оңтүстігінде, батысында найзағай ойнап, бұршақ жауады деп болжанады. Шығыстан, солтүстік-шығыстан  соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні - 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде өрт қаупі жоғары, облыстың оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды деп болжанады. Солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні - 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде қатты ыстық болады деп күтіледі: +35℃. Облыстың оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада төтенше өрт қаупі сақталады. Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде өрт қаупі жоғары. Петропавлда өрт қаупі жоғары. Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында өрт қаупі жоғары.