Жаңалықтар

Түркістанда халықаралық конференция өтіп жатыр

Түркістанда халықаралық конференция өтіп жатыр

Бүгін «Экологиялық жағдайды жасыл желектерді дамыту жолымен жақсарту және ауыл шаруашылығы дамуындағы мәселелер» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өз жұмысын бастады. Шараға облыс әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы, Өзбекстан, Қырғызстан, Үндістан мен Пәкістан елдерінен келген академик-профессорлар мен еліміздің эколог және орман шаруашылығы мамандары, ғалымдар-профессорлар, табиғат жанашырлары, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты. Конференцияны ҚР Ауыл шаруашылығы академиясының Ясауи білім тарату орталығының директоры Битөре Жұмақанов жүргізіп, бүгінгі басқосудың мақсатына тоқталды, деп хабарлайды newsroom.kz.  />

Халықаралық жиынды облыс әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы  ашып беріп, келген қонақтарға алғысын білдірді. Алдағы уақытта бірлесіп жұмыс істеуге шақырды. Сондай-ақ 5 жыл ішінде облыс көлемінде көптеген нәтижелі жұмыстар атқарылғанын атап өтіп, Түркістан қаласы ерекше келбетке еніп, дамудың даңғыл жолында екендігін жеткізді.

–Бүгінгі өткізіліп отырған Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның біздің өңірде өткізілуі және ҚР Ауыл шаруашылығы ғылымдар академиясы орталығының Түркістан облысында ашылуы кездейсоқтық емес деп білемін. Түркістан облысы климаттық орналасу, жұмыс күші тұрғысында ауыл шаруашылығын дамытуда ең қолайлы өңір болып саналады. Облыста 74 мың агроқұрылымдар тіркелген. Бұл Республикалық көрсеткіштің 31 % және елімізде өндірілетін ауыл шаруашылығы жалпы өнім көлемінің 12 % өңірдің үлесінде немесе 1 трлн. теңгеден асады. Түркістан қаласын түркі әлемінің мәдени әрі рухани Астанасы етіп қалыптастыру кезеңінде оның үстіне, Түркістанды туристік мекен ету үшін, табиғаты құрғақ, жазы ыстық, аңызақ желді өлкені көгалдандыру басты күн тәртібіне қойылып бірқатар ауқымды жұмыстар жасалды. Сонымен қатар, біз ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған жобаларды оның ішінде «Қарқынды бау», «Бір алқаптан 2-3 өнім алу», «Нольдік технологиялар», «Су үнемдеу технологияларын ендіру» бағыттарына басымдылық беріп келеміз, – деді ол.

<img src= © Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz