Жаңалықтар

Ассамблея мүшелері Астананың су айдынын тазаласты

Ассамблея мүшелері Астананың су айдынын тазаласты

Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы мен үкіметтік емес ұйымдар бірлесіп  су қоймасының жағалауында тазалық сенбілігін өткізді, деп newsroom.kz хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. Аталған іс-шараға «Lider», «Асар – Сарыарқа» және «Жақсылық арифметикасы» қоғамдық бірлестіктерінің мүшелері белсене атсалысты.   width= Еріктілер қолдарына күрек-тырмалары мен қаптарын алып, су қоймасының жағалауын бойлай жүріп, аяқ астында жатқан әртүрлі қоқыстарды жинастырды.  «Өзара ақылдасып, кеңесе келе экологиялық аумақтардың ішінен осы жерді таңдадық. Өзіміз су ішіп отырған су қоймасының айналасы айнадай таза болғанын қалаймыз», – деді «Жақсылық арифметикасы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі  Ұлжан Мырзагелдиева.  width= Оның айтуынша, мұндай сенбіліктерге көктем маусымынан бастап атсалысып келеді.  «Асар – Сарыарқа» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Гузель Бердеш те жылына бір рет болса да тазалық акцияларына қатысып тұратындықтарын айтты.  Ал су қоймасының маңының айналасы айтарлықтай таза болуына жергілікті тұрғындар да үлес қосып келеді екен. Олар демалуға келгендердің кейбірі отырған орнын тазаламай кетіп жататынына ренішін білдірді.  width= Сенбілікке қатысушылар Астаналық су қоймасының маңында 2-3 сағат тазалық жұмысын жүргізіп, бірнеше қап қоқыс жинап, айналаны мұнтаздай етті.   https://youtube.com/shorts/ICacaBbiJgA?feature=share