Жаңалықтар

Қарақат анасы туралы жан тебірентерлік жазба жриялады

Қарақат анасы туралы жан тебірентерлік жазба жриялады

Қазақстан эстрадасының танымал әншісі Қарақат Әбілдинаның анасы өмірден озғанына бір жеті уақыт өтіпті. Бүгін ол Instagram парақшасына анасы туралы жан тебірентерлік жазба жариялаған деп жазады NewsRoom+ақпарат агенттігінің тілшісі. Көпшіліктің сүйікті әншісі анасының өлімінен кейін алғаш рет әлеуметтік желіге жазба жариялады. "Асыл анам-ай! Ардақты анаға жетер жан бар ма, бұл жалғанда...Адам қанша жасында анасынан айырылса да, жетімсірейді екен ғой... Менің бойымда қандай бір игі қасиет болса, анамнан дарыған еді. Адалдықтың, тазалықтың, мәрттіктің үлгісі еді ғой. "Жарыңа қызмет ет, азаматың Алладан кейінгі әміршің" деп үйреткен де анам. Әкеме деген құрметі өмірлік сабақ еді. Қасиетіңнен айналайын! Ойламаған жерден, еш ауырмастан, төсек тартпастан, үнсіз кете барды. Соңғы уақыттан алладан "Ешкімге салмағымды түсіріп, бақпалы болмасам екен, бір адамдай өмірді көрдім, ризамын, бала-шағамның алдында алсаң, арманым жоқ,"-деп жиі айтып отырушы еді. Жаоатқан сол тілегін қабыл етіпті. Қасиетті Рамазан айында соңғы он күнінде шын мекеніне қайтты, Қадір түні жамбасы жерге тиді. Көңілге осы медет",-дейді ағынан жарыла әнші. Сонымен қатар "көңіл білдіріп жатқан барша халыққа алғысым шексіз. Алла разы болсын. Алла дұғаларыңызды қабыл еткей! Алдынан жарылқасын!" деп жазады анасының өліміне қайғырған Қарақат. Танымал әнші Қарақат Әбілдина көпбалалы отбасында өскен. Оның әкесі Тұяқбай мен анасы Қаламқас 14 баланың ата-анасы атанған. Еске сала кетсек, бір апта бұрын кейбіреулер қазақтың біртуар ұлы, танымал журналист Бейсен Құранбекті жоқтап жатса, өзгелер әнші Қарақаттың анасының қазасына қайғырып, көңіл айтып жатқан болатын.