Облыс әкімі аппаратының басшысы Мақтаарал ауданының спорт нысандарын аралады
Облыс әкімі аппаратының басшысы Мақтаарал ауданының спорт нысандарын аралады
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының Мақтаарал ауданына жұмыс сапары барысында бірқатар маңызды нысандардың жай-күйімен танысып, түйіткілді мәселелерге тоқталып, жергілікті халықпен кездесті. Облыста спорт саласын дамыту мәселесі ерекше назарда. Осы орайда өңірдегі дене шынықтыру және спорт саласына жауапты облыс әкімі аппаратының басшысы Еркеғали Әлімқұлов Мақтаарал ауданындағы бірқатар спорт нысандарын аралап, жан-жақты танысты, деп хабарлайды newsroom.kz.
Мақтаарал аудандық әкімдігіне қарасты орталық стадион құрылысына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалау сметалық құжатын әзірлеп, республикалық "Ауыл-Ел бесігі" мемлекеттік бағдараламасына бюджеттік өтінім ұсыну жөнінде тапсырма берді. Сонымен қатар ауданда орналасқан балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде болды. Жас спортшылардың жаттығу барысын бақылады.
Сондай-ақ Е.Әлімқұлов Түркістан облысының намысын футболдан Қазақстан Республикасының чемпионатының Премьер лига командалары арасында қорғайтын «Мақтаарал» футбол клубының бүгінгі жетістіктерімен жан-жақты танысып, ойыншылар мен бапкерлермен кездесті.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі