Жаңалықтар

Қарағандыда әлеуметтік көмек көрсету орталығында бір бала қайтыс болды

Қарағандыда әлеуметтік көмек көрсету орталығында бір бала қайтыс болды

6 бала жан сақтау бөлімінде жатыр. Қарағанды қаласында балаларға әлеуметтік көмек көрсету орталығында 12 бала уланып қалған, деп newsroom.kz хабарлайды  inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап. 30 шілде күні балалардың іштері ауырып құса бастаған. 31 шілдеде осы мекемедегі тағы 10 балада ұқсас белгілері бар дерт анықталып, ауруханаға жатқызылды.
“Уланып қалған балалардың осындай жағдайға жеткеніне қандай жайт себеп болғаны әлі белгісіз. Бір бала қайтыс болды, алты бала жан сақтау бөлімінде жатыр, оның бесеуінің жағдайы орташа тұрақты деңгейде. Алғаш рет балалар 30 күні түссе кейін балалар 31 шілде түсе бастады. Себебін анықтау үшін уақыт керек”,- деп мәлімдеді санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова. 
Мүгедек балаларға қызмет көрсететін орталыққа облыс әкімі Ермағамбет Бөлекпаев барған. Қылмыстық іс қозғалған,орталық директорының міндетін атқарушы жұмысынан шығарылды.