Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
25 мамыр, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Уханьға көмекке барған қазақ медбикесі

Уханьға көмекке барған қазақ медбикесі

Уханьға көмекке барған қазақ медбикесі
ашық дереккөзі
Баһаргүл Бөдешқызы 1985 жылы Бұратала қаласының Далда қалашығында туған. 2003 жылы Шыхызы университетін медбике мамандығы бойынша бітірген. Оқу тәмамдаған соң Шынжаңның Қашқар аймақтық 1-ші халық емханасына жұмысқа орналасып, қазірге дейін аталған орында мамандығы бойынша қызмет істеп келеді екен, деп хабарлайды Қытайдың «Орталық халық радиосы». Нақтырақ айтар болсақ, Б.Бөдешқызы Қашқар аймақтық 1-ші халық емханасының жүйке жүйесі аурулары бөлімінің аға медбикесі болып қызмет істейді. Сovid-19 індеті Қытайдың Ухань қаласында өршіп тарай бастағанда, өз отандастарын аса қауіпті індеттен құтқарып қалуға аттанған екі қазақ қызының бірі осы Баһаргүл Бөдешқызы болатын. «Індет таралғаннан кейін, бүкіл ел бойынша жиыны 340 тан астам емдеу тобы, жалпы 42 мың 600 адам Хубейға көмекке барады. Олардың 70% жуығы медбике болған. Шынжаңдық қазақ бөйжеткен Баһаргүл Бөдешқызы сол медбикелердің бірі еді...», деп жазады Қытайдың «Орталық халық радиосы». Аталған ақпарат көзінің келтірген дерегіне сүйенсек, сол уақытта қатерлі індеттің ошағына айналған Ухань қаласына баруға қазақ қызы өзі өтініш білдірген. «...Баһаргүл өзі жұмыс істейтін емхананың Уханьға көмекке емдеу қызметкерлерін жіберетіндігін естіп, емхана басшылығына көмекке бару ойын айтып, өтініш хатын жазады. 4 ақпан күні ол Шынжаңның көмекке жіберген емдеу тобының бір мүшесі ретінде Ухань қаласына барады. Баһаргүл ең көлемді Фаңсаң емханасындағы індетке шалдыққан науқастарды емдеу-күтімдеумен 1,5 айға жуық жұмыс істейді. Сөйтіп, ол емдеу тобымен бірге дәрігерлік міндетін сәтті орындап, індеттің беті қайтқан шақта 17 наурызда Үрімжіге оралды», деп жазады қытайлық БАҚ. Дереккөз:  Kazinform.kz  порталынан