Жазғы Азия ойындарына Түркістан облысынан 52 спортшы барады

14 Тамыз, 2018 1691 0

18 тамыз – 2 қыркүйек аралығында Индонезияда XVIII жазғы Азия ойындары өтеді. Дүбірлі бәсекеге Қазақстаннан 400-ден астам спортшы қатысады. Ал, Түркістан облысынан 52 спортшы құрлықтың басты бәсекесінде бақ сынайды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Жалпы, Азия ойындарынан Түркістан облысы мен Шымкент қаласының спортшылары алтын медальсіз қайтқан емес. Тиісінше, ортақ жеңіске қомақты үлес қосып келеді. Мәселен, 2014 жылғы Инчхондағы Азия ойындарында Оңтүстік өрендері 5 алтын, 6 күміс және 17 қола медаль олжалады. Биыл да сол биіктіктен түспеу міндеті тұр.

Индонезия төрінде Қайрат Ералиев пен Бекдәулет Ибрагимовтен (екеуі де бокс), Тимур Хайдаров, Тимофей Емельянов, Сергей Емельянов, Евгений Алексеев (байдарка және канэда өсу), Отгонцэцэцг Галбадрах (дзюдо) сынды спортшылардан ел алтын жүлде күтеді. Сондай-ақ оқу ату және стенд ату шеберлері мен таеквандо, каратэ спортының өкілдері де қоржынға жүлде салады деген сенім бар.

Қазақстандықтар басқа атақ-дәрежесін айтпағанда, дзюдодан әлем біріншілігінің қазақ жастары арасында тұңғыш күміс жүлдегері Азамат Мұқановқа үлкен үміт артады. Оның бапкері - Сайын Ерғалиев. Әйелдер күресінен өткен жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, биыл жастар арасында дүниежүзілік доданың күмісін иеленген, әкесі Алексей баптайтын Екатерина Ларионова да осал емес. Байдарка мен каноэдан 2010 жылы Қытайда өткен Азия ойындарының күміс жүлдегері, екі мәрте Азия чемпионы, әлем кубогінің иегері Алексей Дергунов пен Азия жеңімпазы Андрей Ергучев олжа сала ма деген үміт бар. Бұл екеуін кезінде өзі әлем чемпионы атанған Александр Акунишников дайындауда. Көгалдағы хоккейден ел құрамасы сапында Виктория Шаймарданова (бапкері Елена Бережная) мен Ольга Шевелева (Надежда Сумкина) бар.

 




Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.