Жаңалықтар

Ақтөбе облысында ер адам 7 тұрғынды өрттен құтқарды

Ақтөбе облысында ер адам 7 тұрғынды өрттен құтқарды

Ақтөбе облысында ер адам 7 тұрғынды өрттен құтқарды, - деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі  Tengrinews.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. Оқыс оқиға 23 мамырда болған. Төтенше жағдай қызметіне таңғы сағат 04:26-да Темір ауданы Шұбарқұдық аулындағы жеке үйдің төбесі мен дәлізі өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскен. 04:27-де оқиға орнына 6 маман аттанған. Бірінші өрт сөндіру бөлімі оқиға орнына 4 минутта жеткен. Қызыл жалын 100 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрт толығымен таңғы сағат 05:56-те сөндірілді. "Өртті алдымен Медет Қалмұханов есімді азамат байқады. Ол өрт сөндірушілер келгенше үйдің терезесін сындырып, ішке енген. Медет Қалмұханов 7 адамды сыртқа шығаруға көмектескен, оның үшеуі бала, біреуі жүкті әйел", - делінген хабарламада.