Жаңалықтар

Актер Азамат Сатыбалды жаңа қызметке тағайындалды

Актер Азамат Сатыбалды жаңа қызметке тағайындалды

Танымал актер Азамат Сатыбалды "Қазақфильм" АҚ президенті болып тағайындалды, - деп newsroom.kz хабарлайды Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Киностудия ұжымына жаңа басшыны мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов таныстырды. Министр "Қазақфильм" киностудиясының жұмысын үйлестіру абыройлы әрі жауапты міндет екенін айтты.
"Отандық киноөнерінің "қара шаңырағы" саналатын Қазақфильм - ауқымды және күрделі өндірістік ұйым. Былтыр киностудия жанынан "Қазақанимация" шығармашылық бірлестігі құрылды. Мемлекет басшысының киностудия жұмысын жаңғырту жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру аясында 87 техникалық жабдық сатып алынды. Алдағы уақытта модернизацияның 2 кезеңін бастау керек", - деді Асхат Оралов.
Азамат Сатыбалды ұзақ уақыт М.Әуэзов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында еңбек етті, Ғабит Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрын 3 жыл бойы басқарды. Бүгінгі күнге дейін, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры қызметін атқарып келген. Азамат Сатыбалды 1977 жылы Жамбыл облысы, Луговое ауылында дүниеге келген. Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын бітірген. Еңбек жолын 2001 жылы М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында актер болып бастаған. 2018 жылдан - Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының директоры; 1919 жылдан - Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында "Актерлік шеберлік" пәнінен сабақ берген. 2016 жылы Cinema Kompany 28 киностудиясын құрған. "Бір сен үшін" (2017), "Мұқағали. Бұл ғасырдан емеспін" (2021) сынды фильмдерді түсірген. 2022 жылы а0панда Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры қызметіне тағайындалған еді. Айта кетейік, бұған дейін "Қазақфильм" АҚ президенті Ақан Сатаев болған еді. Ол бұл қызметке 2020 жылы келді.