Пайдаланушы тәжірибесін жақсарту мақсатында біз cookies файлдарын пайдаланамыз. Сайтты әрі қарай қолдану арқылы сіз cookies файлдарын пайдалануға келісетініңізді растайсыз
Mathroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн орта салмақта IBF және IBO титулдарына ие қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) мен төрт салмақта чемпион мексикалық Сауль "Канело" Альварес (53-1-2, 36 КО) арасындағы жекпе-жек қайда өтуі мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі Tengrinews.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
"Головкин - Шеремета жекпе-жегі тамызда, "Канело" мен Сондерс - қыркүйекте. Ал одан кейін не болатынын тауып көріңдер? Головкин мен "Канело" рингке желтоқсанда шығады. Жыл соңында жағдай түзеліп, қалың көрермен Лас-Вегасқа орала алады деп үміттенемін", - дейді Хирн.
Еске салайық, осыған дейін боксшылар арасындағы екі жекпе-жек те Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өткен. еді.