Қазақстандықтар күн сайын 2 млн порцияға дейін балмұздақ сатып алады
Қазақстандықтар күн сайын 2 млн порцияға дейін балмұздақ сатып алады
Қалыптан тыс аптап ауа-райы Қазақстанның барлық өңірлерінде сақталып тұр. Балмұздақ ыстық күнде дененің қызып кету мәселесін шешеді – қазір тоңазытылған тағамға деген сұраныс бірнеше есе өскен, деп хабарлайды newsroom.kz.
Отандық балмұздақ нарығының көшбасшысы «Шин-Лайн» компаниясының есебіне сүйенсек, қазақстандықтар күн сайын 1,9 миллион порция балмұздақ жейді екен.
Алматы тұрғындары балмұздақ тұтыну бойынша Қазақстан қалалары арасында көшбасшы. «Шин-Лайн» мамандарының бағалауынша, алматылықтар орта есеппен биылғы шілдеде күн сайын 750 мыңға дейін балмұздақ тұтынған, бұл аптасына 5 млн порциядан асады. Екінші орында ел ордасы Астана - оның тұрғындары шамамен 185 мың порция балмұздақ алады. Тараз және Өскемен балмұздақты ең көп тұтынатын қалалар үштігін түйіндейді: бұл шаһарлардың әрқайсысының тұрғындары күн сайын 130 мыңға жуық тоңазытылған тәтті тағам сатып алады.
«Шин-Лайн» компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Дмитрий Докин атап өткендей, «балмұздақ фабрикасы шығаратын кең ассортименттің ішінде маусымның биік шыңына көтерілген, бәрінің сүйіктісі «Бомба», «Мишка на полюсе» брендтері, сондай-ақ «Золотая коллекция» кәмпиттер сериясындағы балмұздақ».
Сарапшылардың пікіріне сүйенсек, балмұздақ тұтыну көлемі, жалпы маусымға және ауа-райына тікелей байланысты. Естеріңізге сала кетейік, Euromonitor компаниясының мәліметінше, әрбір қазақстандық жыл сайын шамамен 2,5 кг балмұздақ тұтынады, оның 40%-дан астамы «Шин-Лайн» брендінің үлесіне тиесілі. Салыстыру үшін, Беларусь пен Ресейде бір тұрғынға жыл сайын 3,1 – 3,2 кг балмұздақтан келеді, Қырғызстанда – шамамен 2,2 кг, Өзбекстанда – 1,5 кг, ал Еуропада – орта есеппен 8 кг. Алайда, бұл шегі емес: әлемнің кейбір елдерінде балмұздақ тұтыну бір тұрғынға 15-20 кг жетеді.
Жылдан жылға Қазақстанда балмұздақ тұтыну көлемі өсіп келеді - 2021 жылы шілде айында еліміз бойынша 900 мыңға жуық балмұздақ сатылған, ал бүгінде бұл көрсеткіш екі еседен астам жоғары.
https://www.shin-line.com/ru/