Жаңалықтар

Шымкенттегі белді оқу орны білім сапасынан 2 орын алды

Еліміздің үздік жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингісінің қорытындысы бойынша Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігі(БСҚТА) - рейтингісінде М.Әуезов атындағы ОҚУ еліміздегі ЖОО-ның ішінде 2-ші орынды иеленді.

Бұл туралы аталмыш оқу орнының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған newsroom.kz порталы жазады. 2023 жылғы көрсеткіш бойынша осындай жетістікке жеткен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті ірі жоғары оқу орны. Аталған ЖОО ректорлығын 2018 жылдан бері белгілі тарихшы Д.Қожамжарова атқарып келеді.

М.Әуезов атындағы ОҚМУ ғылым орталығы және мәдени-гуманитарлық мекеме ретінде пайда болуы, қалыптасуы және кейінгі дамуы аймақтың өндіргіш күштерінің, оның экономикасының қарқынды өсуінің, соңғы он жылдықта өткен әлеуметтік және мәдени процесстердің объективті және адекваттық көрінісі болып табылады.