Жаңалықтар

Эстонияда Димаш Құдайбергеннің құрметіне ескерткіш белгі қойылды

Эстонияда қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің құрметіне ескерткіш белші қойылды, - деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі Tengrinews.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.    width= Елшілік мәліметінше, кеше, 24 мамырда Қазақстанның Эстониядағы Елшісі Нұрлан Сейтімов Таллин қаласындағы Кадриорг саябағында Димаш Құдайбергеновтің құрметіне орнатылған ағашқа ескерткіш белгінің ашылуына қатысты.  width= "Бұл акцияны ұйымдастырған "Dimash Estonian Dears" фан-клубының мүшелері 300 жылдың тарихы бар саябақтағы сүйікті әншілерінің әнін біреу тыңдар деген үмітте екенін айтты", - делінген елшіліктің хабарламасында.  width= Айта кетейік, Эстониядағы Dimash фан-клубында елдің әр түкпірінен 500-ден астам адам бар.