Коронавирус инфекциясынан Парламент экс-спикерінің өзі көз жұмды
Коронавирус инфекциясынан Парламент экс-спикерінің өзі көз жұмды
ашық дереккөзі
Коронавирус анықталғаннан кейін экс-спикерде екіжақты пнемония мен тыныс алу жолдарында бірқатар асқынулар пайда болған.
Қырғызстан Парламентінің бұрынғы спикері Мукар Чолпонбаев коронавирус инфекциясынан қайтыс болды, - деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі Skifnews.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
«24 мамырда Республикалық клиникалық жұқпалы аурулар емханасында Қырғызстан Парламентінің экс-спикері, қоғам қайраткері Мукар Чолпонбаев 70 жасында коронавирус инфекциясынан қайтыс болды», - делінген хабарламада.
Чолпонбаев ауруханаға 5 мамырда түскен. Кейін жағдайы нашарлап, 12 мамырда жансақтау бөліміне жатқызылған. Коронавирус анықталғаннан кейін экс-спикерде екіжақты пнемония мен тыныс алу жолдарында бірқатар асқынулар пайда болған. Бұдан бөлек, оның жүрек, бүйрек және буын аурулары бар еді.
Мукар Чолпонбаев Әділет министрі және Қырғызстан Парламентінің депутаты қызметтерін атқарған. Бүгінде Қырғызстанда жалпы 1440 адамнан COVID-19 анықталған. Оның 275-і – медициналық қызметкерлер. Жазылғандар – 980, ал 15-і індеттен көз жұмған.