Жаңалықтар

Танымал журналист Шүменовті жекпе-жекке шақырды

Танымал журналист Шүменовті жекпе-жекке шақырды

  Танымал журналист Нұрсейіт Жылқышыбай бұрынғы боксшы Бейбіт Шүменовты жекпе-жекке шақыратынын айтты, деп хабарлайды newsroom.kz порталы. “Бейбіт Шүменовты жекпе-жекке шақырамын. Қолынан өліп кетсем арманым жоқ!”-деп жазды ол. Түсінікті болу үшін оқиғаның мән-жайын айта кетейік, 18 маусымда елордалық полицияға мейрамханалардың бірінде жұдырықтасқан екі адамның төбелесіне шақырту түскен. Жанжалдың себебі балалардың алаңдағы жанжалы болған. Бұл видео Egovpress телеграм каналында жарияланған. Телеграм арналардың жариялауынша, қол көтерген ер адам бұрынғы әлем чемпионы Бейбіт Шуменов болуы мүмкін дейді. Видеоға зер салсақ, ер адам қолындағы баласы бар ер кісіні әжептеуір соққылайды. Арада қанша күн өтседе жылы жауып қойғандығына екінші тарап шағымдануда. Әзірге соққыға жықты деген ер адамның қандай жазаға тартылары белгісіз. Оқиға жалғасуда.