Жаңалықтар

Атырауда отбасында жанжал шығарған 34 адам қамауға алынды

Атырауда отбасында жанжал шығарған 34 адам әкімшілік қамауда отыр, деп newsroom.kz хабарлайды El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жыл басынан бері тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты «102» арнасына 4 097 хабар түскен.

Осындай дерекке байланысты Әкімшілік құқық бұзу туралы кодексінің 73-бабымен (Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) 1 198 адам жауапкершілікке тартылды. Ал, 1 365 құқық бұзушыға қорғау нұсқамасы шығарылды. Оның ішінде 334 адамға ерекше талап қойылды. Қорғау нұсқамасын бұзған 96 адам ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 461-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазір отбасы-тұрмыстық қарым-қатынас саласында құқық бұзған 34 адам қабылдау-тарату орнына әкімшілік қамауға алынды, -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.