Демалысқа шыққан депутат аяғын шығарып алды
Демалысқа шыққан депутат аяғын шығарып алды
Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи денсаулығына байланысты өңірлерге сапарын кейінге қалдырды, деп newsroom.kz хабарлайды El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Ермұрат Бәпи құлап, аяғын шығарып алған. Қазіргі таңда ауруханадан шығып, үйінде ем қабылдап жатқанын айтты.
Каникулға шыққаннан кейін ертеңінде аяғымды шығарып алдым. Қазір Алматы қаласында, үйімдемін. Жағдайым бірқалыпты. Ауруханадан кеше ғана шықтым. Денсаулығыма байланысты демалыстамын. Тамыз айынан бастап қызметіме кірісемін, - деді мәжілісмен.Еске сала кетейік, Мәжіліс депутаттары 1 шілдеден бастап каникулға шықты. Ал 3 шілдеден бастап мәжілісмендердің өңірлерге сапары басталған болатын.