Жаңалықтар

Еркебұлан Шыналиев: “Он үш жылдан бері жұмыссызбын”

Еркебұлан Шыналиев: “Он үш жылдан бері жұмыссызбын”

  Әлем және Азия чемпионы, Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері Еркебұлан Шыналиев “Уақыт көрсетеді” бағдарламасында қонақта болып, сұхбат берді. Ол осы күнге дейін жетістікке жеткенімен бір жерде жұмыс істемегенін айтты, деп хабарлайды newsroom.kz. “Он үш жылдан бері жұмыссызбын. Әйтеуір бірдеңе етіп күн көріп келем. Бізде Шымкентте жұмыс істеуге мүмкіндік бермейді. Тек байдың балалары, әкімнің, дөкейдің балалары жұмыс істейді. Қайда кетпей жатқан екі жыл. Мүмкіндік берсін. Істейін. Басқа-басқа спорт саласын қатырамын. Мен дүние жинамаймын. Мен спортты көтеруге, чемпиондарды шығаруға ат салысамын. Маған дүние керек емес. Жоқ емес. Аллаға шүкір баймын. Ата-анам, бала-шағам аман”,-деді ол. Сондай-ақ спортшыларға көңіл бөлмейтінін айта кетті. Ол ауыратлет еліміздің төрт дүркін чемпионы, Олимпиада ойының қатысушы Владимир Седовтың өліміне қатысты өз пікірін білдірді. “Мықты спортшы еді. Басы допингпен дауға қалып, күйзеліске түсті. Өз саласынан жұмыс бермеді. Еленбеді. Болмасс сол чемпион атанғанда, үстіне шапан жауып, астына көпшік қойып еді. Атқа мінгізіп, ақшалай сыйақы берді. Допингпен ұсталды, ешкімге керек болмай қалды. Ақыры өз-өзіне қол жұмсады. Ел басқарып, спорт саласын тізгіндеп отырған ағаларға осының алдын алуға болмас па еді дегім келеді”,- деп бөлісті ойымен боксшы.