Түркістандық ару егде жастағы Корея азаматына тұрмысқа шыққан ба?
Түркістандық ару егде жастағы Корея азаматына тұрмысқа шыққан ба?
Түркістан облысының Сайрам аудаының 23 жастағы Айдана есімді бойжеткен оңтүстікореялық 67 жастағы қартқа тұрмысқа шықты, деп хабарлайды newsroom.kz.
Бұл туралы korea_komek парақшасында жарияланды. Жазбадағы мәліметке сәйкес, егде жастағы кәріс азаматы жиырмадан енді асқан бойжеткенмен отау құрып, Түркістан облысында ұзату тойы өткен.
“Менің көз алдымда 67 жастағы кәріс азаматы 23 жастағы қызбен отбасын құрды. Қыз бала Сайрам қаласының тұрғыны еді. Мен сол қызға "саған жастау кәріс немесе өзіміздің жігіттер табылмай қалды ма?" дегенімде ол жай ғана "махаббат жасқа қарамайды" деп сөзін қысқа қайырған еді”, - деп жазды парақша авторы Самат Ахметов.
Алайда парақша оқырмандары екі жасқа бақыт тілеген. "Айдананы жайына қалдырыңдар. Оның жұбайы қазақ тілін үйреніп жүр. Олар барлық салт-дәстүрді ұстайды", "Жайлы өмірді қалаған шығар", "Кімнің кімге шыққанында не жұмыстарың бар?", "Қазақтан қамқор жігіт табылмады ма?" деген пікір жазып қалдырған.
Жалпы парақша келтірген мәліметке сүйенсек, соңғы 3 жылда кәрістерге тұрмысқа шығып жатқан қазақстандық қыз-келіншектердің саны 40 пайызға артыпты. Мәселен, 2020 жылдан бері 86 қыз-келіншектер оңтүстіккореялық азаматпен отбасын құрған.
Бұл видеодағы негізі күйеу баланың әкесі екенін жазған пікір білдірушілер. Түркістандық арудың таңдауы кәріс ұлтынан болғанымен өзімен жасты жас жігіт екені белгілі болды. Ол қазақтың салт-дәстүріне сәйкес, қалыңдығына сырға салып, ұзатып алып кеткен.