Жаңалықтар

Олимпиада ойындарының жүлдегері Еркебұлан Шыналиев кімге өкпелі?

Олимпиада ойындарының жүлдегері Еркебұлан Шыналиев кімге өкпелі?

  Талай додада оза шыққан боксшы, Әлем және Азия чемпионы, Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері Еркебұлан Шыналиев “Уақыт көрсетеді” бағдарламасында қонақта болды. Ол спорттағы жеңіп алған медальдерін мұқтаж отбасыға тапсырды, деп хабарлайды newsroom.kz. Еркебұлан Шыналиев осы ісі арқылы қайырымдылық жасағысы және спорттан кетіп, бүгінде керексіз болып қалған өкпесін жеткізгісі келетінін айтады. “Шыны керек бұлар мен үшін сақырлаған темір –терсек. Елімізде осындай мұқтаж отбасылар өте көп. Жәрдем бермейміз. Мына үйде 1-ші топтағы мүгедектігі бар бірнеше адам тұрады. Осы кісілерге қарап көңілім босап отыр. Қаржылай жағдайым жоқ болса да, сол арқылы осы отбасыға көмектескім келді. Оны бұрыннан ойластырып жүргенмін. Бұл кісілер ол атақтар мен медальдарды сата ма, төріне іліп қояды ма, өздері біледі”. Бұл үйде анамыздың балалары мүгедек. Осындай отбасылар елде көп”, - деп көзіне жас алды спортшы. Бұл атақ пен медальға қол жеткізу үшін талай жылдар сарп еткенін айтты. Ол он жыл бұрын спортты тастаған. Елдегі әділетсіздікке өкпелі.