Қытай елі медициналық маскалардың жоқтығымен күресудің жолын тапты

17 Ақпан, 2020 195 0

Қытай елінің Бейжін қаласында медициналық маскалар шығаратын жаңа фабрика салынады. Бұл олардың жетіспеушілігімен күресудің жолы болып табылады, деп хабарлайды Newsroom.kz тілшісі «Синьхуа» агенттігіне сілтеме жасап.

China Construction First Group жергілікті компаниясы алты күн ішінде өндіріс құруға ниетті. Зауытта күніне 250 мыңға жуық маскалар дайындалады.

Қаңтардың аяғында әлемде қауіпті вирустың әсерінен медициналық маскалар жетіспейді деп болжанған болатын - Amazon және Alibaba интернет-платформаларында сатылатын көптеген дүкендер тауарлардың жақын уақытта таусылатындығын атап өтті. Кейбір сатушылар оларды бір-бірлеп сатуды тоқтатты - тек екі мыңнан он мыңға дейін маскаларға тапсырыс беруге болады.

Тегтер: Қытай, медицина, маска, фабрика, Бейжін

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.