Жаңалықтар

Ақмола облысында екі бухгалтер 83 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінді

The final spritzer

Ақмола облысында екі бухгалтер 83 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінді

Күдіктілердің кінәсі дәлелденсе 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін Ақмола облысында балабақша мен мектеп есепшілері 83 миллион теңгеден астам қаржы ұрлады деген күдікке ілінді, деп newsroom.kz хабарлайды inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап. Тергеу мәліметінше, Бұланды балабақшасының бухгалтері кәсіпкерлермен ойдан шығарылған мәмілелер жасай отырып, туыстарының шотына ақша аударған. Аударымдарды шынайы етіп көрсету үшін бухгалтер тауарларды жеткізуге келісім-шарттар жасалған кәсіпорындардың атауларын көрсеткен. Банктік шоттар оның жақын туыстарына рәсімделіп, бухгалтер жұмыс істеген кезеңде барлығы 47 млн теңге аударылған. Екінші жағдай Степногорск қаласының мектептерінің бірінде анықталды, тергеу нұсқасы бойынша бухгалтер өз шотына 36 млн теңгені жалақы ретінде аударған.
"Осы фактілер бойынша қылмыстық істер ҚК-нің 189-бабы, 2-тармағының 4-бөлігі (аса ірі мөлшерде ұрлау) бойынша тіркелді, күдіктілерді Ақмола облыстық прокуратурасының арнайы прокурорлары және Ақмола облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті тергеп жатыр", делінген облыстық прокуратура таратқан хабарламада.
Қадағалаушы орган бұл бап бойынша жаза белгілі бір лауазымдарды атқаруға немесе белгілі бір қызметпен айналысуға тыйым сала отырып, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейтінін ескертті.