Жаңалықтар

Өзбекстанда мерзімінен бұрын президенттік сайлау өтіп жатыр

Өзбекстанда мерзімінен бұрын президенттік сайлау өтіп жатыр

Оның нәтижесінде 65 жастағы Мирзиёев елін 2037 жылға дейін басқаруы мүмкін, деп хабарлайды newsroom.kz. Бүгін Өзбекстанда президенттік сайлау өтіп жатыр. Оның нәтижесінде қазіргі мемлекет басшысы Шавкат Мирзиёевтің билік ету өкілеттігі тағы жеті жылға ұзартылады. Айта кетсек, бірнеше ай бұрын Өзбекстанда референдум өтіп, конституция өзгертіліп, Мирзиёевтен 2026 жылы отставкаға кетуді талап ететін мерзімдік шектеу алынып тасталды. 65 жастағы Мирзиёев Өзбекстанды Кеңес дәуірінен бері басқарған және елін әлемнің көп бөлігінен жабық ұстаған автократ Ислам Кәрімов 2016 жылы қайтыс болғаннан кейін билікке келді. Содан бері бұл орталықазиялық республика изоляциядан құтылды деуге болады. Сыртпен сауда қайта жанданды, валюталық бақылау алынып тасталды, саяси жүйе біршама ырықтандырылды. Бірақ халықаралық бақылаушылар бәсекелестікке сай сайлау өткізбеген Өзбекстанда әлі де күшті оппозициялық партиялар мен саясаткерлер жоқ деп есептейді. Мирзиёев сәуір айында конституцияға өзгертулер енгізу бойынша референдум өткізіп, президенттің өкілеттік мерзімін 5 жылдан жеті жылға дейін ұзартты және екі мерзімдік шектеуді жойды. Демек, осы жолы жеңіске жетсе (бұған көптің күмәні жоқ), Мирзиёев 2037 жылға дейін, яғни, 79 жасқа дейін президент болады. Орталық Азияның басқа мемлекеттері сияқты Өзбекстан да Украинадағы соғысқа байланысты дәстүрлі сауда серіктесі Ресейге жарияланған санкциялардан келетін шығындарды барынша азайтуға тырысып жатыр. Ресей рублінің әлсіреуі Ташкентке Ресейде жұмыс істейтін миллиондаған өзбек мигранттан келетін валюта ағынының азаятынын білдіреді. Бір кездері энергия экспорттаушы саналған Өзбекстан қазір өндіргеннен гөрі мұнай мен газды көбірек тұтынатын елге айналды және де ол Ресейдің көмірсутегін сатып алып, Мәскеу экспортының Батыстан басқа жаққа бағытталуынан пайда көріп отыр.  />Саяси тұрғыда Ташкент бейтараптығын сақтап, Украинада бейбітшілік орнатуға шақырып келеді. Сонымен қатар Өзбекстан Мәскеумен қалыпты қарым-қатынастарды сақтай отырып, Батыстың санкцияларын бұзбауға уәде беріп отыр.

Карнеги Ресей Еуразия орталығының зерттеушісі Темур Умаров DW арнасына берген сұхбатында айтқандай, Мирзиёев кезектен тыс сайлауды билікті өз қолына шоғырландыру үшін пайдаланбақ.
<blockquote>   />2022 жылдың шілдесінде Өзбекстанның солтүстік-батысындағы Қарақалпақстан автономиялық облысының орталығы Нүкіс қаласында орталық үкімет конституцияға өзгертулер енгізіп, аймақты автономиясынан жоюға әрекеттенген соң жаппай наразылық шерулері басталды.

Сол акция тәртіпсіздіктерге ұласып, 18 адам қаза тауып, 243-і жараланды. Бұған жауап ретінде Мирзиёев аймақтың автономиясына қатысты конституциялық баптардың (Қарақалпақстан аумағы мен шекарасы туралы 73-бапты қоспағанда) ешқайсысын өзгертпеуге уәде берді.

Мирзиёевпен бірге ресми түрде бүгінгі сайлауда Экологиялық партия, Халықтық-демократиялық партия және © Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz