Жаңалықтар

Өзбекстанда сел кезінде құбырға тығылған екі әйел қаза тапты

Өзбекстанда сел кезінде құбырға тығылған екі әйел қаза тапты

Өзбекстанда Наманган облысындағы Қамшық асуында сел салдарынан екі әйел қаза тапты, - деп newsroom.kz хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі kun.uz сайтына сілтеме жасап. Төтенше жағдайлар басқармасының мәліметінше, 7 шілдеде 23 жастағы екі әйел М-39 тасжолының маңында сиыр сауу үшін тауға шыққан. Шамамен сағат 19:20-дан 19:27-ге дейін қатты жаңбыр жауған. Одан қашқан әйелдер диаметрі 1200 миллиметр, тасқын суын ағызу үшін жасалған темір құбырға көтерілген. Осы кезде көлемі шамамен 40-50 текше метр сел жүріп, әйелдерді құбыр бойымен 400 метрдей сай бойымен алып кеткен. Олардың денелері сайды су тасқынынан тазарту кезінде табылған.