Түркістанда “Елім-ай” дастанына 300 жыл толуына орай жиын өтті

Түркістанда “Елім-ай” дастанына 300 жыл толуына орай жиын өтті

ашық дереккөзі

  Биыл Қожаберген Толыбайұлының дүниеге келгеніне 360 жыл және «Ақтабан Шұбырынды, Алқакөл – сұлама» кезеңінен сыр шертетін «Елім-ай» дастанына 300 жыл толады. Бүгін «Фараб» кітапханасының концерттік залында осы айтулы күндерге орай, Түркістан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен ғылыми-практикалық конференция өтті, деп хабарлайды newsroom.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  width= Қасиетті Қазақ даласында елі үшін басын қатерге тіккен батырлар жетерлік. Қанша ғасыр өтсе де, олар туралы деректер ұрпақтан-ұрпаққа аңыз, дастан болып жетуде. Қазақ ұлтының жері үшін соңына дейін күрескен батырлардың ерлігі мәңгі есте қалары анық. Елі үшін еңбек етіп, ұрпағының жарқын болашағы үшін басын бәйгеге тіккен тұлғалардың бірі – Қожаберген Толыбайұлы. Биыл ел перзентінің дүниеге келгеніне 360 жыл толып отыр. Ал оның атақты «Елім-ай» дастан жырына 300 жыл толады. Осыған орай, киелі мекен Түркістанда ауқымды ғылыми-конференция болып өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлытаудағы құрылтайда «Бір кездері ұмытылып кеткен ұлт перзенттерінің есімін қайта жаңғыртуымыз керек. Ел тағдырын айқындаған тарихи оқиғаларға лайықты баға берген жөн» деген болатын. Еліміздің біртұтастығы мен бірлігі үшін еңбек еткен ұлы тұлғаның ерлікке толы өмірін насихаттауысыз керек. Тарихшылар мен зерттеушілердің еңбегінде Қожаберген жырау ХVІІ ғасырдың соңғы ширегі мен XVІІІ ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген. Қызылжардан түлеп ұшқан отаншыл тұлға қазақ халқы тағдырының қыл үстінде тұрған ауыр кезеңінде әскербасы, қазақ хандығының бізге жеткен тұңғыш мемлекеттік заңдар жинағы «Жеті жарғының» авторларының бірі, қиын уақытта көрші мемлекеттермен дипломатиялық қатынас жүргізген мемлекет қайраткері болған. Елін айрықша сүйген жанашыр азамат “ақтабан шұбырынды” жылдары “Елім-ай” жырын шығарып, ұлтымыздың бастан кешкен қиын кезеңін суреттеген. Сонымен бірге қазақ ұлтының, хандығының, қазақ тілінің қалыптасу тарихы жайлы жазып кеткен ғұлама болғаны да шындық. Қаратаудың басынан көш келеді, Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді. Ел-жұртынан айырылған жаман екен, Екі көзден мөлтілдеп жас келеді, – деп басталатын “Елім-ай!” әні бұрын халықтың әні деп айтылып жүрді. Ол әннің сөзі мен әуенінен қазақтың мұңы мен зары сезілетін. Бертін келе ғалымдар оның авторы XVІІ-XVІІІ ғасырларда өмір сүрген Қожаберген жырау Толыбайұлы екенін анықтады. Жиынды «Жеті жарғы және Қожаберген жырау» халықаралық қоғамдық қайырымдылық қорының төрағасы, заң ғылымдарының докторы, профессор Бекет Тұрғараев жүргізіп отырды. Ол ел рухын серпілтетін, тарихты зерттеуге серпін беретін игі бастамаға қолдау көрсеткен Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдыға алғысын білдірді. 
Басқосуда алғашқы құттықтау сөз алған Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев конференцияға арнайы келген қонақтарға алғыс білдіріп, облыс әкімінің құттықтауын жеткізді.
«Қаратаудың басынан көш келеді, Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді» деп басталатын, сол заманның бейнесін суреттеген өлең жолдары қазақ халқының қиын кезеңдерімен тұспа-тұс келгенін айғақтайды. Қожарберген жыраудың сол кезеңдегі бұлжымас ата заңның баламасындай болған «Жеті жарғының» авторларының бірі ретіндегі орны бөлек. Тәртіп пен теңдікті ту еткен бабаның қайраткерлігі өзінен кейінгі бірнеше буынның ел басқару ісіндегі бағдарына айналды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлытаудағы құрылтайда «Бір кездері ұмытылып кеткен ұлт перзенттерінің есімін қайта жаңғыртуымыз керек. Ел тағдырын айқындаған тарихи оқиғаларға лайықты баға берген жөн» деген болатын. Бүгінгі басқосу сол кезеңдегі оқиғалардың қазіргі кездегі зерттелуіне, тарихи бағасын алуына және осы бағыттағы жұмыстардың жүзеге асуына мұрындық болады деп сенемін, – деді Бейсен Тәжібаев.  width= Сондай-ақ конференцияға Түркі халықтары Жазушылар Одағының төрағасы Есдәулет Ұлықбек, Қазақстан Ауыл шаруашылығы академиясының президенті, профессор Есболов Тілектес, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Негимов Серік, Оңтүстік Қазақстан университетінің ректоры, профессор Қожамжарова Дария, «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі орталығы төрағасының бірінші орынбасары, Озғанбаев Өмірзақ тарихи тұлға және дастан туралы құнды баяндамалар жасады. Одан өзге Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің «Рухани жаңғыру» гуманитарлық зерттеу орталығының жетекшісі Әбжанов Хангелді, Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің профессоры Аманжол Күзембайұлы, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Құлбек Ергөбек, Шымкент педагогикалық университетінің ректоры Сүгірбаева Гүлжан, «Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар» ҒЗИ директоры Боранбаев Сандыбай, аты аңызға айналған өнер қайраткері, КСРО Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов, мемлекет және қоғам қайраткері Амалбек Тшанов және өзге де тұлғалар сөз сөйледі.
Конференция барысында бүгінгі тақырып төңірегіндегі терең ізденістер мен тың мәліметтерден тұратын баяндамалар жасалып, жарыссөз ұйымдастырылды. Бабалар есімін жаңғырту, ұлы тұлғаларды ұрпақ санасына сіңіру мақсатындағы шарада сөз етілді. Сонымен қатар шара аясында «Жеті жарғы және Қожаберген жырау» халықаралық қоғамдық қайырымдылық қоры республикалық «Елім-ай» жыры және Қожаберген батыр – Қазақ елінің намыс пен ерлік айнасы» атты жыр мүшәйрасын ұйымдастырып, жеңімпаздарды анықтады. Жүлделі орындарға ақшалай ұтыстар тігілді. Нәтижесінде қазылар алқасының шешімімен Иранбек Оразбаев (Иран-Ғайып) бас жүлде иегері атанып, 1 млн теңге сыйақыға ие болды. Көкбөрі Мүбәрак І орынды иемденіп, 500 мың теңге ұтса, Үмітбек Бағдат ІІ орынды 300 мың теңгееі місе тұтты. ІІІ орынға Нұрбек Кеңесбай мен Әлібек Азамат 200 мың теңгені бөліп алды. иеленді. Ал Дәурен Тілеухан ынталандыру сыйлығымен 150 мың теңгемен марапатталды. Киелі Түркістанда өткен жиын қызықты өтті.

Жүктелуде...