Жаңалықтар

Танымал әнші Kalifarnia шаңырақ көтерді

  Соңғы кезде ерекше дауысымен және әндерімен танымал болып жүрген Kalifarnia үйленді, деп хабарлайды newsroom.kz khabar.tv-ге сілтеме жасап. Оның шын есімі Фархат Қалиев. Ақтөбенің тумасы. Кішкентай кезінде терме орындаған. Бүгінде оның жаңадан шыққан “Пуерто-Рико әні үш аптада 4 млн қаралым жинап, Tik-Tok желісінде топ әндердің қатарында тұр. Хитменнің таңдауы Анель есімді биші қызға түскен. Олар осы уақытқа дейін ара-қатынасы туралы ешқандай ақпарат бермеген. Айта кететіні, әншінің жары оның бірқатар өлеңдеріне хореограф ретінде би таңдап, бейнебаяндарына түскен.