Жапаровтың баспасөз хатшысы қамалған адам президент туысы деп жаза салды
Жапаровтың баспасөз хатшысы қамалған адам президент туысы деп жаза салды
Қырғызстан президентінің баспасөз хатшысы Эрбол Султанбаев сыбайлас жемқорлыққа күдікті деп ілінген Улан Жаппаровтың ел президентінің інісі екенін растады, деп хабарлайды newsroom.kz. Бұл туралы көрші ел прещидентінің көмекшісі әлеуметтік желіде жазба жариялады.
“Ұсталған Ұлан Жапаровқа қатысты оның Мемлекет басшысының туысы екенін хабарлаймыз.
Ол кедендегі мәселелерге байланысты сыбайлас жемқорлық схемаларына қатысты деп күдіктелуде.
Бұл туралы білген Президент Жапаров күдіктілерге қатысты барлық заңды шараларды қабылдауды талап етті.
Бұл жағдай сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте селективтіліктің жоқтығын тағы да көрсетеді.
Кез келген азамат өзінің туыстық немесе басқа байланыстарына қарамастан, қылмыс немесе құқық бұзушылық жасалған жағдайда заңның барлық қатаңдығы бойынша жауапқа тартылады.
Егер іс Сыбайлас жемқорлыққа байланысты болса, онда залалды міндетті түрде өтеу керек.
Бұл Мемлекет басшысының талабы”,-дее жазды ол.