Жаңалықтар

Шымкент қаласының депутаты Рәшкүл Оспаналиева кенеттен қайтыс болды

  Шымкентте қалалық белгілі кәсіпкер және қалалық мәслихаттың бірнеше шақырылымының бұрынғы депутаты — Оспаналиева Рәшкүл Жалелқызы 62 жасында өмірден озды, деп хабарлайды newsroom.kz. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібайұлы фейсбук парақшасында жариялады. “Адал болмысымен елге сыйлы тұлғаға айналған Рәшкүл Жәлелқызы Оспаналиева мәңгілік мекеніне аттаныпты. Ол қоғамға еңбекқорлық пен қайсарлықтың өнегесін көрсете білген жан еді. Өмірінің басым бөлігін өңірдің дамуына арнады. Жаратылысы нәзік әйел болса да ең ауыр салаларда еңбек етті. Үлкен өндірістік ұжымдарды басқарып жүздеген шақырым жол мен көпір салды. Елдің сауабына кенелді, разылығына бөленді. Қайбір ортада болмасын әпкеге деген көпшіліктің ықыласы бөлекше ауатын. Жеке бизнесте де қаншама кәсіпорындар ашып, мыңдаған жандарға кәсіп тауып берді. Мейірімділік пен қамқорлық жасау арқылы қоғамда ізгіліктің сақталуына айрықша үлес қосқан Рәшкүл Жәлелқызының аты әрдайым құрметпен аталады. Қайғылы қазаға орай отбасына, туған-туыстарына, өңір жұртшылығына қайғыра көңіл айтамыз. Алла марқұмның жанын жәннаттық еткей. Рухы шат болғай”,-деп жазды.