Жаңалықтар

Қамқорлық жасау - қайырымды қоғамның қағидасы

Қамқорлық жасау - қайырымды қоғамның қағидасы

ҚР Кәсіподақтар Федерациясы жанындағы «KEA» (Kazakhstan En’bek adamy) корпоративтік қорының ұйымдастыруымен "Транстелеком" АҚ демеушілігімен және «Keleshek» жастар кеңесінің қолдауымен «QAMQOR QAZAQSTAN» әлеуметтік жобасы бастау алды. Аталған жоба аясында Шымкент қаласының «Keleshek» жастары және «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің қызметкерлері  қаламыздағы 12 отбасыға азық-түлік үлестіріп берді. Акция аясында көп балалы отбасылардың, жалғыз ілікті аналардың тізімі жасақталып, мұқтаж жандарға бірінші кезекте қажетті өнімдер, атап айтсақ, 5 кг күріш, 4 кг макарон, 5 литр май, 5 кг ұн, 1 кг қант, шай, таратылды. Ақпарат: Oinet.kz