Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
25 мамыр, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Әнші Индира Расылхан өзін сынағандарға жауап берді

Әнші Индира Расылхан өзін сынағандарға жауап берді

Әнші Индира Расылхан өзін сынағандарға жауап берді
ашық дереккөзі
Отандық әнші Индира Расылхан бұдан алдын куйеуімен асүйде тамақ пісіріп жүрген видеосын салып, сынға ұшыраған еді. "Хиджаб киіп, орысша сөйлесті" деп сынаған желі қолданушыларына әнші жауап берді, - деп жазады NewsRoom+ақпарат агенттігінің тілшісі. "Сайттардың барлығы жолдасым екеуміздің орысша сөйлейтіндігімізді және асүйде ер адамдардың жүрмейтіні жайлы сынаған екенсіздер. Біріншіден Асекең, үлкен әріппен "Аспазшы". Менің жолым болған. Мен күйеуімнің қабырғасынан жаралғандықтан, ол кісі не айтса да, не істесе де, тек қолдауым ғана қажет. Иә, ол орысша сөйлейді. Орысша сөйлейді екен деп, мен оның жандүниесіне түкіре алмаймын. Асекең орысша сөйлесе, дінін ұмытты деген емес. Әлхамдулиллаһ, намазхан жігіт",-де жазады әнші Instagram парақшасында. Сондай-ақ әнші бір кездері сұхбат барысында арасының алшақтығы жайлы сыр шерткенін және ол кезде іштей өкпелі екенін айтқан. "Әйел адам ашусыз, назсыз болмайды. Алайда бұл оны құрметтемеймін, сыйламаймын деген сөз емес. Қазір аллаға шүкір, қарым-қатынасымыз жақсы",-дейді Индира Расылхан.