«Неке түнінен соң енем төсегімізді тексерді» – шымкенттік келін

17 Ақпан, 2020 693 0

Шымкенттік отбасына келін болған ару ол елдің өзгеше салттарымен келісе алмай жүргенін айтты, - деп хабарлайды NewsRoom+ ақпарат агенттігінің тілшісі.

Айдана орталық облыстардың бірінде туып-өскен. Студент кезде көңілі жарасқан шымкенттік жігітке тұрмысқа шыққанына көп болмапты. Жас келін өзін асығыс шешім қабылдадым ба, - деп жазғырады. Өйткені барған еліндегі жағдай өзі ойлағандай болмай шыққан.

«Шымкенттің жанындағы бір ауылда тұрамыз. Күн қыс болғанына қарамай, таңертең ерте тұрып, қызметке кірісем. Бұл жақтың адамдары қызық екен. Үйден қонақ үзілмейді. Шайды да көп ішеді. Оның бәрі түк емес. Енемнен екі айдың ішінде көрмегенді көрдім. Тіпті алғаш келін болып түскенде неке түні өте сала, төсегімді тексерді. Мұндай жағдайға түсем деп ойламаппын», - деген ол еліне қайтқысы келіп жүргенін айтады.

Жас келіннің айтуынша, бұрын да осындай әңгімелер барын естіген. Дегенмен, өз көзімен көрмеген соң, жел сөзге сенгісі келмепті. Енді Айдана асығыс шешім қабылдадым ба, - деп өкініп жүргенін жасырмады.

Тегтер: дәстүр, келін, Оңтүстік, отбасы, қонақ

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.